25.11.2022
2022 жылдың 25 қараша күні колледж бөлімшесінің ДІ-11 тобында "Біз СПИД туралы не білеміз?" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты - адамның иммун жетіспеушілігінің вирусы туралы ақпарат беру, инфекцияның таралу жолдары мен аурудың алдын алу туралы айтып беру, салауатты өмір салтын бекіту, өз денсаулығына және жанындағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.