13 желтоқсан күні колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Құттықтау сөзімен колледж басшысының міндетін атқарушы В. В. Лукин сөз сөйледі. Мереке қарсаңында колледждің студенттік қауымдастығының президенттігіне сайлау өткізілді. 9 үміткердің ішінен ең көп дауыс жинаған Э-22 тобының студенті Кенжебеков Алишер. Оған колледж Президентінің куәлігі мен төс белгісі табыс етілді. Сонымен қатар, белсенді студенттер де назардан тыс қалған жоқ. Дарья Проскурина, Олешко Алина, Ф-25 тобының студенттері, Гужева Виктория, Имани Сигаури, ЭВМ-5 тобының студенттері математика пәнінен Ломоносов атындағы Республикалық ұлттық олимпиадада екінші орын алғаны үшін дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Ломоносов атындағы Республикалық Ұлттық олимпиадаға қатысушыларды дайындағаны үшін математика пәнінің мұғалімдері Байтугулова Айсулу Оразовна және Омарова Гүлден Ахметжанқызы грамоталармен марапатталды.