22 ақпан күні, «Атбасар қаласы, Атбасар ауданы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК республикада 1 наурызда ресми түрде аталып өтілетін алғашқы көктем мерекесі «Алғыс айту күні» қарсаңында қаланың танымал адамы – «Аtbasarvideogram» блогын жүргізуші, сүйікті қаласы туралы қызықты бейнероликтердің публицисті және Атбасарда болып жатқанның бәріне бей-жай қарамайтын адам Павел Рудикпен кездесу болып өтті.Кездесу 1-2 курс студенттерімен ТеdX форматында өтті. Қызықты да сындарлы сұрақтарды ТЭ-2, М-3, ПМ-25 тобының студенттері қойды. Музыкалық номерлерді ТМ-1 тобының білім алушысы Роман Файзер, ЭВМ-4 тобынан – Анастасия Белогуб, ТЭ-2 тобының білім алушысы Руслан Шистопалов сыйлады. Іс-шараны ЭВМ-35 тобының білім алушысы Екатерина Приходько мен М-3 тобының білім алушысы Тимур Ниязбеков жүргізді. Павелге қызықты кездесу үшін алғысымызды білдіреміз! Біздің ортақ үйімізде бейбітшілік, достық пен мейірімділік болсын! Тәрбие бөлімі.