17.03.2023
Көктемгі халықтық «Наурыз-мейрам» мерекесі қарсанында «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК «Ұлыс күні» атты тамаш мереке ұйымдастырылды. Наурыз күні адамдар далаға шығып, бір бірін құттықтап, жақсы тілектер тілеп, реніштер мен өкпелерін кешірді. Олар бір-біріне қонаққа барып, бір-біріне молшылық пен бақыт тіледі.
Іс-шараға келесі топтар қатысып, өздері дайындаған ұлттық тағамдарды ұсынды: У-23 – Ашан көже, А-21 – бауырсақ, ПМ-25 – шелпектер, ЭВМ-4 – құрт, ОП-11 – қуырдақ, ТМ-1 – жент, ФХ-31 – Наурыз-көже, М-3 – қоспа, ТЭ-2 – манты, Т-36 – айран, Т-5 – қызыл ірімшік, СД-11 – ақ ірімшік, П-24 – палау ұсынып, оларды дайындау тәсілдерін айтып берді.
Колледж басшысы В.Лукин құттықтау сөз айтып, К.Уатхан, З.Жусупова, Т.Лямина мен Д.Емельянова музыкалық номерлермен құттақтады.
Сонымен қатар, ЭВМ-35 тобының білім алушылары О.Есембеков пен Е.Приходько, П-24 тобының өкілдері А.Кулахметова мен К.Гусак, М-3 тобынан Т.Ниязбеков пен ПМ-25 тобының білім алушысы А.Сорокина сахналық қойылымда өнер көрсетті.
Наурыз мерекесі сізге көп мейірімділік, бақыт, қуаныш сыйласын! Барлық армандарыңыз орындалып және барлық үміттеріңіз ақталсын! Тәрбие бөлімі