Текст
28 сәуірде колледжде жастарды спортқа және салауатты өмір салтына тарту үшін "Салауатты өмір салты" тақырыбында суреттер байқауы өткізілді.
Мақсаттар:
- білім алушыларға салауатты өмір салты туралы түсінік беру;
- білім алушыларға салауатты өмір салтына баулу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы ойлауға көмектесу;
- шығармашылық қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, зейінін, танымдық қызығушылығын дамыту;
- білім алушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мұғалімі дайындаған: М.В. Гвоздюк .