Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыптық кітап көрмесі рәсімделді

05.05.2023

Біз ұлы мереке – Жеңіс күні қарсанында тұрмыз. Бұл күн әр отбасының, әр адамның тарихымен мәңгі байланысты, өйткені фашизмді жеңу – бүкіл адамзаттың өміріне қосқан үлесі! Бұл жеңіс үшін тым қымбат бағаны төлеуге тура келді, біз оны жүрегіміз бен жадымызда сақтай отырып, соғұрлым мұқият болуымыз керек. Ұрпақтар жадының сақтаушылары - Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар. Соғыс туралы кітаптар – нақты жағдайлардың жалғасы.

         9 мамыр мерекесі қарсанында колледждің кітапханасында тақырыптық кәтап көрмесі безіндірілді. Бұнда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына арналған тарихи және көркем әдебиет ұсынылды. Ол кітаптарда біздің отандастарымыз, қазақстандық жауынгерлер Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бегельдинов, Н.Әбдіров, М.Ғабдұллин, Қ.Қайсенов, Р.Қошқарбаевтар жасаған ерліктер туралы айтылады. Олар Отан үшін және біз үшін қымбат және қасиетті барлық нәрсені қорғау үшін күрескен. Соғыс туралы көркем шығармалар бейбіт өмір үшін күрескендердің ойлары мен сезімдерін сақтайды.

         Көрменің мақсаты – осы кітаптар бетінен Ұлы Отан соғысының жаңғырығын сезіну. Кітап жолдары арқылы сіздерді Жеңіске бастар ұлы жолды басып өткен және біз үшін баға жетпес мұра – соғыс туралы шындықты қалдырған солдаттар мен матростар, партизандар, тыл еңбеккерлері, барлаушылар, ақындар менм журналистер жетелеп отырады.

Кітапханашы Л.А.Башмакова.

Просмотров: 112


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст