Кәсіптік бағдар беру жұмысы – заманауи білім беру ұйымы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі.
Қазір отандық еңбек нарығы жоғары білікті кадрларды қажет етеді.
Сондықтан өңірді және тұтастай Қазақстанды дамыту үшін мамандар даярлаудың тиімді жүйесін жолға қою маңызды.
Бұл орайда кәсіптік бағдар беру жұмысы ерекше орын алады. 15 мамыр күні «Аграрлық-индустриялық колледждің» арнайы пәндер оқытушысы А.И.Баимбетов және өндірістік оқыту шебері Т.Д.Бабаева Жақсы және Атбасар аудандарының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді: Жақсы ауданы білім бөлімі жанындағы К.Ускенбаев атындағы Қийма № 2 орта мектебінде және «Г.Абдрахманов атындағы Қийма орта мектебі» КММ және «Самарка ауылының негізгі орта мектебі» КММ мен «Сергеевка ауылынының жалпы білім беретін мектебі» КММ. Оқушыларға «Аграрлық-индустриялық колледж» туралы ақпарат берілді – колледжде қандай мамандықтар алуға болатыны, оқу мерзімі, оқуға түсу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі туралы айтылды. Сондай-ақ колледжде тұру және тамақтанудың қандай жағдайлары жасалғаны туралы, білім алушылар қанша шәкіртақы алатындары туралы айтылды. Әңгімелесуден кейін мектеп оқушыларына буклеттер таратылды.