Текст
Оқу жоспарына сәйкес ТҰ-11 тобында 2023 жылғы 17 мамырда таныстыру практикасы басталды. Бірінші курстың білім алушылары ө/о шебері Л.А.Пшеничникованың басшылығымен Атбасар қаласындағы «Асаев Д.А.» ЖК наубайханасына барды. Наубайхана қызметкерлері экскурсия өткізіп, ашытқы қосылған қамыр және одан дайындалатын бұйымдарды – нан, батон, таба нан, лаваш және тоқаштар дайындаудың кезеңдерін көрсетті. Балалардың көптеген сұрақтарына наубайхана қызметкерлері толық көлемде жауап берді.