Текст
Оқушыларды мамандықты өз бетінше, саналы түрде таңдауға дайындау әрбір тұлғаның үйлесімді дамуының міндетті бөлігі болып табылады және "Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж" МККҚ оқу-тәрбие процесімен тығыз байланысты. Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында өндірістік оқыту шеберлері Л. И. Волкова мен А.С. Лихолетова 2023 жылғы 15 мамырда Атбасар қаласының "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ оқушыларымен әңгімелесті. Балалар жаңа 2023-2024 оқу жылына колледжде білім алушыларды қабылдау жүргізілетін мамандықтармен танысты. Оқу зертханаларын материалдық жарақтандыру, стипендия төлеу, колледжде тұру және тамақтану, мәдени – демалыс іс-шаралары және колледждің үйірме жұмысы туралы мәселелер қамтылды.