Текст
Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Көкшетау қаласында Жоғары техникалық колледж негізінде студеттік парламенттің үздік Президентін анықтау бойынша «Жастар көсемі-2023» облыстық байқау өткізілді. Біздің колледж атынан студенттік парламент Президеті, ПМ-25 тобының студенті Жунусова Жулдыз қатысты.
Байқау үш турдан тұрды. Бірінші тур – өзін өзі таныстыру. «Мен көшбасшымын» деген екінші турсұрақтар-жағдайлар түрінде және үшінші тур – «Брейн-ринг» командалық ойын түрінде өтті.Барплық турларда Жулдыз өзінің көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Комиссия шығарған қорытынды бойынша Ж.Жунусова ІІІ орын үшін дипломмен марапатталды.
ЖІК инспекторы Г.К.Жусупова