24 мамырда Атбасар аграрлық-индустриялық колледжінің студенттері мен педагогтары саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алуға арналған «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды.
Мұражай аумағына кіре берісте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Қайғы-қасірет аркасы» орнатылған. Мемориалдық кешен аумағында болған алғашқы минуттардан бастап келесі инсталляциялар үлкен эмоционалды әсер қалдырды: «Сталин вагоны», сотталған әйелдер мен олардың балалары тұрған барак, күзет мұнарасы және лагерьде қаза тапқандардың аттары жазылған үлкен мемориалды қабырға.
Бірінші залда балалар туған өлке тарихының түрлі кезеңдерімен танысты. Мұражайдың келесі залы лагерьдің тарихымен танысуға және сол кездегі тұрмыс пен атмосфераға енуге мүмкіндік беретін экспонаттарға арналған.
Бұл қайғылы жерге бару 30-шы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған кінәсіз әйелдер мен балаларды есте сақтауға көмектеседі.