«Оқуда қиын...»
2023 жылғы 26 мамыр күні сағат 10.00 «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК Атбасар ауданының ТЖБ инженері, азаматтық қорғаныс лейтенанты Ж.Елемесовтың қатысуымен жергілікті ескерту жүйесін қолдана отырып практикалық жаттығулар өткізілді.
Жаттығулардың мақсаты:
-террористік акт және басқа да төтенше жағдайлар қаупі төнген жағдайда колледждің білім алушылары мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау;
- оқу орнында террористік акт жасалған немесе өрт шыққан жағдайда колледждің басшы құрамының шұғыл эвакуация жүргізу дағдыларын жетілдіру;
- оқу орнында өрт шығу қаупі төнген жағдайда оқытушылардың, өндірстік оқыту шеберлерінің және техникалық персоналдың іс-әрекеттерінің үйлесімділігін арттыру.
Дабыл берілген сәттен бастап толық эвакуациялау сәтіне дейінгі уақыт 3 минут 21 секундты құрады. Эвакуацияланатын адамдардың саны – 189.
Пайда болатын ортаны алдын-ала анықтау қиын, сондықтан сіз өзіңіз шешім қабылдауға және қазіргі жағдайға сүйене отырып әрекет етуге дайын болуыңыз керек.
ТБ инженері И.А.Дикий .