2023 жылғы 30 мамыр күні өндірістік оқыту шебері Л.А.Пшеничникова «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ТҰ-11 тобында өндірістік оқыту бойынша «Синабон» аспаздық бұйымын жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – «Ашытқы қосылған қамыр және одан жасалатын бұйымдар» КМ1 атты кәсіптік модульды оқу кезіндегі алынған теориялық білімдер мен дағдыларды қолдану және оларды тәжірибелік сабақта бекіту.
Сабақ екі блоктан тұрды: білім алушыларға сауалнама жүргізу түрінде өткен теориялық материалды қайталау, үлестірме материалды пайдалана отырып технологиялық карта жасау бойынша топтарда жұмыс істеу және кондитерлік бұйымды дайындау бойынша тікелей практикалық бөлім.
Оқу сабағы аяқталғаннан кейін топтар жұмысы қорытындыланып, әрбір қатысушы жеке бағаланды.
Л.А.Пшеничникова.