Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жадынама (шомылу маусымы)

15.06.2023

Су қоймаларында шомылу кезінде қауіпсіздік шаралары бойынша 

ЖАДЫНАМА

 

 Су қоймаларында тыйым салынады:

  •   ескертулері мен тыйым салатын жазулары бар қалқандар (аншлагтар) қойылған орындарда шомылуға; жабдықталмаған, бейтаныс жерлерде шомылуға; жүзу шекарасын белгілейтін қалқымалар сыртында жүзуге; моторлы, желкенді кемелерге, ескекті қайықтарға және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзуге; катерлерден, қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге; осы мақсаттар үшін бөлінбеген жерлерде доппен және спорттық ойындармен ойнауға, сондай-ақ суға түсуге және шомылушыларды ұстауға байланысты еркеліктерге жол беруге;  жалған дабыл қоңырауларын беруге; тақталарда, бөренелерде, шезлондарда, автомобиль камераларында, үрлемелі матрацтарда жүзуге.
  •  

Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

 

 Ересектер бұған жол бермеуі керек:

 балалардың қараусыз жалғыз шомылуына; белгіленбеген жерлерде шомылуға; бұл үшін бейімделмеген құралдармен, заттармен сырғанауға.

 

 Барлық балалар мыналарды естерінде сақтауға тиіс:

 тек ғана арнайы белгіленген жерлерде шомылуға; жақын келе жатқан кемелерге, қайықтарға жақын жүзбеуге және суда еркелікке жол бермеуге; жалған дабыл бермеуге, үрлемелі матрацтарда, камераларда, тақтайларда жүзбеуге; бейтаныс жерлерде, қайықтардан, тік жағалаулардан, айлақтардан суға сүңгімеуге; +18°С төмен температурада суға шомылмауға; суға шомылушылар үшін қауіпті банкаларды, шыныны және басқа заттарды тастамау; тек үлкендердің қатысуымен шомылуға.

 

 

 

 

Жазғы уақытта су қоймаларындаға қауіпсіздік бойынша

ЖАДНАМА

 Судағы тәртіп

 Көптен күткен суға түсу маусымы да келіп жетті. Жүздеген тұрғындар демалыс күндері суға қарай асығады. Таза ауа, күн, шомылу тек рахат әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар денені шынықтырудың жақсы құралы болып табылады. Сонымен қатар, су үнемі өмірді алып кетеді.

 Шомылу кезінде мыналарға жол берілмейді:

1. таныс емес жерде, көпірлердің астында және бөгеттердің маңында жүзуге.

2. Тереңдікті және су астының бедерін білмей сүңгуге.

3. Қалқымалар мен қоршаулардың сыртына жүзуге.

4. Кемелерге, салдар мен басқада жүзу құралдарына жақындауға.

5. Қайықтардан, катерлер мен айлақтардан суға секіруге.

6. Судағы ойын кезінде бір бірін қолынан немесе аяғынан тартуға.

 Жүзе алмайтындарға арнайы жабдықталған жерлерде, тереңдігі 1-2 метрден аспайтын жерлерде ғана шомылуға болады!

 «ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!» ескерту аншлагтарымен жабдықталған су  нысандарында шомылуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

  Естеріңізде сақтаңыз!  Судағы қауіпсіз мінез-құлық шараларын қатаң сақтау ғана апаттың алдын алады.

ҚҰРМЕТТІ ЕРЕСЕКТЕР:

АТА-АНАЛАР, БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ, ПЕДАГОГТАР!

 Су айдындарындағы балалардың өмір қауіпсіздігі көптеген жағдайларда СІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ!

  •  Ыстық ауа-райының басталуына байланысты жазғы кезеңде су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Сізге сенімді өтінішпен жүгінеміз:

  табиғи және жасанды су айдындарындағы тәртіп ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз. Осымен сіз балаларыңыздың судағы        жазатайым оқиғалардың алдын аласыз, бұдан сіздің балаларыңыздың бүгінгі және ертеңг і өмірі байланысты.

 Шомылуға қатаң тыйым салынады:

·  балаларға ересектердің қадағалауынсыз;

·  таныс емес жерлерде;

·  үрлемелі матрацтарда, камераларда және басқа жүзу құралдарында (ересектердің қадағалауынсыз); 

  Келесі ережелерді сақтау қажет:

·  Суға кірер алдында бірнеше жеңіл жаттығулар жасап, денені ширату.

·  Судың температурасы денеге ыңғайлы (белгіленген нормадан төмен емес) екеніне көз жеткізіп, суға біртіндеп кіріңіз. 

·  Су қоймасының жеткіліксіз болған кезде, түбі зерттелмеген кезде сүңгуге (әсіресе басымен төмен қарай) болмайды, басқа жүзушілердің жанында болған кезде.

·  Шомылу ұзақтығы – 30 минуттан артық емес, судын температурасы төмен болған жағдайда – 5-6 минутттан артық емес.

·  Табиғи су қоймасында шомылу кезінде қойылған қоршау белгілерінің сыртына жүзуге, моторлы қайықтарға және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзуге тыйым салынады.

·  Қызып кетпес үшін жағажайда бас киіммен демалыңыз.

·  Негізсіз тәуекел жағдайларына, суда еркелікке жол бермеңіз.

.  Суға мұқият кіріңіз, өйткені су қоймаларында әйнек көп.

Адам суға батып бара жатқандаға

ЖАДНАМА:

·  «Адам суға батып бара жатыр!» деп көмекке шақырыңыз.

·  Құтқарушылар мен «жедел жәрдем» щақыруды сұраңыз.

·  Суға батып бара жатқанға құтқару шеңберін, басында түйіні бар ұзын арқан тастаңыз.

·  Егер жақсы жүзе алсаңыз, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, батып бара жатқанға жақындаңыз. Онымен сөйлесіңіз. Егер дұрыс жауап алсаңыз, тірек ретінде өз иығыңызды ұсынып, жағаға дейін жүзіп жетуге көмектесіңіз. Егер суға батып бара жатқан адам әбіргерлініп, сізді суға қарай тартса, онда күш қолданыңыз. Егер сіз өзіңізді ұстаудан босата алмасаңыз, терең дем алып, құтқарылушыны өзіңізбен бірге алып, су астына сүңгіңіз. Ол міндетті түрде сізді босатады. Еер суға батып бара жатқан адам есінен айрылса, оны шашынан ұстап, жағаға дейін жеткізуге болады.

  Егер өзіңіз суға батып бара жатсаңыз:

·  Әбігерленбеңіз.

·  Өзіңізден артық киімді, аяқ киімді шешіп, көмекке шақырыңыз.

·  Арқаңызға аударылып, қолыңызды кең жайып, денеңізді бос ұстаңыз, бірнеше терең тыныс алыңыз.

 Шомылуға барар алдында өзіңізбен бірге ағылшын түйреуішін алуды ұмытпаңыз.    Ол суда болғанда сіңіріңіз тартылып қалса, сізге көмектеседі. Егер сізде аяғыңыз тартылып қалса, бірақ түйреуіштер жоқ болса, балтыр бұлшықетін бірнеше рет шымшыңыз. Егер бұл көмектеспесе, аяғыңыздың үлкен башайынан қатты ұстап, шұғыл түзетіңіз. Жағаға қарай жүзіңіз.

Сіз суға тұншықтыңыз:

·  әбігерленбеңіз, толқын арқаңызбен бұрылуға тырысыңыз;

·  шынтақта бүгілген қолдарыңызды кеуденің төменгі жағына қысып, өзіңізге қолыңызбен көмектесіп, бірнеше өткір дем шығарыңыз;

·  сосын мұрыңызды судан тазалап, бірнеше жұту әрекеттерін жасаңыз;

·  деміңізді қалпына келтіргесін, етбетінен жатып, жағаға қарай қозғалыңыз;

·  қажет болған жағдайда адамдарды көмекке шықырыңыз.

 

ЖАДНАМА

Суға бату кезінде көсменк көрсету ережелері:

1. Зардап шеккенді бетімен төмен қаратып, басын жамбастан төмен түсіру.

2. Ауыз қуысын тазалау.

3. Тілдің төменгі жағына күрт басу.

4. Құсу және жөтел рефлекстері пайда болған кезде - тыныс алу жолдары мен асқазаннан суды толығымен тазалауға қол жеткізіңіз.

5. Егер құсу әрекеттері мен пульстың соғуы болмаса арқаға жатқызып, реанимация жасауға кірісу қажет (жасанды демалғызу, жүрекке жанама массаж жасау). Өмір белгілері пайда болған жағдайда – етбетінен жатқызып, өкпе мен асқазаннан суды кетіріңіз

 6. «Жедел жәрдем» шақырыңыз.

 Егер адам суға батып кетсе, оны тереңдіктен табу әрекетін тоқтатпаңыз, және бұдан кейін оны өмірге  қайтаруды тоқтатпаңыз. Бұны суға кеткен адам су астында 6 минуттан артық болмаса істеуге болады.

МЫНАНЫ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ:

 ЖӘБІРЛЕНУШІНІ НАЗАРСЫЗ ҚАЛДЫРУҒА (кез келген уақытта жүрек тоқтап қалуы мүмкін);

 ЕГЕР ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ШАҚЫРУҒА МҮМКІНДІК БОЛСА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІ ӨЗ БЕТІНШЕ ТАСЫМАЛДАУҒА.

 Есіңізде сақтаңыз! Судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ғана апаттың алдын алады.

 

 

 

Просмотров: 97


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст