Текст
23 маусым күні ТҰК-31 тобында өндірістік оқыту шебері Т.Д.Бабаеваның және арнайы пәндер оқытушысы А.И.Баимбетовтың басшылығыменн демонстрациялық біліктілік емтиханы өткізілді. Білім алушылар екі модульден өтті: «Красный бархат» бисквиттік торт әзірлеу және «Экзотик» трайфл десертін дайындау.
Емтиханда колледждің әлеуметтік серіктестері – «Папушина», «Айекешев», «Кусаинова» жеке кәсіпкерлер, Атбасар ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері болды.
Емтихан қорытындылары бойынша білім алушыларға тиісті біліктілік санаттары берілді.