Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бітіру кеші

29.06.2023

27 маусым күні «Аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК оқу бітірушілер кеші өткізілді. «Өндірістегі электромеханикалық жабдықтар (салалар бойынша)», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі», «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Құрылысшы», «Токарьлық іс», «Тігін өндірісі» мамандықтарын иеленген студенттер өмірге жолдама алды.  

Дипломды қолға алу – кешегі студент, ал қазіргі түлек өміріндегі ең қызықты оқиғалардың бірі. Бұл оқудыңкөптеген жылдар бойы күткен ең жарқын және салтанатты аккорды

Қонақтар арасында оқытушылармен қатар ата-аналар, сүйікті адамдар, достар... Жазғы ауа райын аудан әкімінің орынбасары К.О.Куатбековтың, колледж басшысы В.В.Лукинның, сынып жетекшілері мен ата-аналардың, түлектердің жылы лебіздері жаңғырықтырып тұрды. Мерекелік безендірілген зал, қонақтардың күлкісі және түлектердің қуанышты жарқыраған жүздері-осының бәрі нағыз бітіру кешінің салтанатты және мерекелік көңіл-күйін қалыптастырады. Іс-шараның басында концерттік бағдарлама ұсынылып, оны кеш қонақтары – В.Ю.Манукян басшылық ететін «Родничок»халықтық би ансамблі ашты. Мерекелік концертте «Ерке қыз», «Мама» әндері Ж.Муканованың орындауында шырқалды. Шақырылған қонақтар – «Серебряные струны» гитаршылар ансамблі және Д.Филонов, С.В.Папян «Фламенко», «Майкл Джексон» музыкалық номерлерін орындады. Кеш соңында «Түлектер вальсі» орындалды.  

Кешті жүргізушілер; В.Леонгард пен Ә.Амангельды .

Просмотров: 267


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст