2023 жылғы 31 тамыз күні колледжде дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өткізілді. Педагогикалық кеңестің жұмысын колледж басшысы Владимир Валентинович Лукин ашты.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. ТжКБ ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылының басындағы оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік ұсыныстарды қарастыру. - басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары В.А.Зардиева
2. Мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарларын дайындау. – басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары В.А.Зардиева
3. Алдын-ала тарифтеу, 2023-2024 оқу жылына дәрісханаларды бекіту. – ОЖ жөніндегі орынбасар Г.А.Омарова
4. Тұтас тәрбиелеу бағдарламасы. – басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова
5. Қабылдау комиссиясының жұмыс қорытындылары бойынша есебі. – басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Р.Н.Каппасова
6. Колледждің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын қарастыру және бекіту. – басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Р.Н.Каппасова.