Ағымдағы жылғы 20 қыркүйек күні «Аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК мемлекеттік органдар өкілдері – Атбасар ауданының прокуроры Батырбек Еркимбекович Слямов, Атбасар аудандық сотының төрайымы Асель Иргебаевна Жапарова, ювенальдық полиция тобының испекторы Бауржан Муратович Ундубаев «Нашақорлықтың, алаяқтық пен әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Әңгімелесу барысында «отырғызу» түсінігі туралы жалпы түсінік беру, құқықбұзушылар қалай жазаланатыны туралы айтып берілді. Сонымен қатар студенттерді интернет-алаяқтық түрлерімен таныстырып, алаяқтардың осындай қулықтарынан қалай құтылу туралы айтып берді. Сондай-ақ бұзақылық, қоғамдық жерлерде вейптар мен басқа да темекі бұйымдарын тарту, жасөпірімдердің көлік құралдарында жүру сияқты әкімшілік құқықбұзушылықтарға баса назар аударылды. Орган өкілдері балаларды кез келген кішкентай теріс қылық үшін жазалармен таныстырды. Іс-шара соныңда студенттер сұрақтар қойып, оларға қанағаттанарлық жауаптар алды.
68 студент қамтылды.
Тәрбие бөлімі.