2023 жылғы 7 қараша күні «АИК» колледждің президенті Г.Сигаури «Кибербуллинг және буллинг» тақырыбындағы іс-шара өткізді.
Старостаттан білім алушылар шақырылды. Аталған іс-шарада колледж Президенті кибербуллинг және буллинг туралы айтып берді. Аталған іс-шарада буллингтың түрлері, егер сіз буллингтың құрбаны болсаңыз қайда бару керектігі, сондай-ақ буллингке тап болсаңыз, қандай әрекеттер жасау керектігі көрсетілді.
Кіріспе сөзден кейін келесі сипаттадағы сұрақтар қойылды: «Сіздің түсінігіңізде «буллинг» деген не?», «Буллинг болған жағдайда не істеу керек?»
Колледж Президенті буллинг түрлерін көрсетті: «Сіздің тобыңызда төбелеспен аяқталған жанжал болды және бұл туралы оқытушылар біліп қойды. Сіз не істейсіз?»
Старосталардың жауабы: «Бұл мәселені шешу үшін жағдай туралы оқытушыларға айтып береміз».
Іс-шара соңында кибербуллинг пен буллинг күресуді қажет ететін теріс құбылыс екені туралы қорытынды шығарды. Барлық келіспеушіліктер бейбіт жолмен шешілуі керек, ал колледж әкімшілігі колледж студенттеріне көмектесуге дайын.