Текст
10 қарашада М – 23 тобында «Маркетинг (салалар бойынша)» мамандығы) Қазақстанның ұлттық валютасы Күні қарсаңында «Ақша. Ақшаның рөлі, мақсаты» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында балалар ұлттық валюта – теңгенің құрылуы мен дамуы туралы білді. «Ақша тарихы» және «Алғашқы ақша» бейнероликтері көрсетілді. Сондай-ақ, балалар «Қызыл кітап», «Ұлы қолбасшылар», «Ғарыш», «Өсімдіктер әлемі» және т.б. серияларынан мерейтойлық және естелік монеталар топтамаларымен танысты. Сынып сағатының соңында ұлттық валюта туралы викторина өткізілді.