Текст
ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ҚОНАҚТАРЫ МЕН ТҰРҒЫНДАРЫ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ! 2023 жылдың 23-24 қараша аралығында Ақмола облысында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі. Аудандық оқу-жаттығу басшылығының штабы аудандық әкімшілігінің ғимаратында орналастырылады.