Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес қарсанында 29-30 қараша күндері Ақмола облысы коллеждерінің студенттері арасында «Сыбайлас сжемқорлық туралы біл және пара берме» атты облыстық байқау өткізілді. Жарыстың бірінші күні 28 студент қатысты. «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК атынан бірінші курстың Т-6 тобының студенті Аменгельдинов Темерлан қатысты. Темерлан жауапкершілігі жоғары студент, сондықтан байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалды: эссе жазып, бейне роликті табысты қорғап шықты. Өз суретіне қандай мағына жасырғанын айтып берді. Диалог алаңқайына қатысып, біздің «Sanaly Urpaq» клубының жұмысы туралы айтып берді. Темерланға қайырымдылығы мен жауапкершілігі үшін алғыс айтқым келеді. Біз байқауда марапатқа ие болмасақ та, осындай қажетті іс-шараларды өткізуде жақсы тәжірибе алдық. Бір қызығы, жастар сыбайлас жемқорлықты жеңетініне толық сенімді!
«Sanaiyurpaq»Т.Лямина.