Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыл қорытындысы

22.12.2023

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойыншаколледждерге академиялық дербестік берілді.

Біздің колледж жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін дербесайқындайды, яғни мамандарды даярлау еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді.

Әрбір мамандық бойынша білім бағдарламаларын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. 

Дипломқа қосымша құжат ретінде түлектің құзырет картасы енгізіледі. Бұл құжат жұмысқа орналасу кезінде колледж түлектеріне кәсіптік дайындық деңгейін және кәсіптегі еңбек функцияларын орындау үшін қажетті құзыреттіліктерді көрсету үшін қажет. 

2023 жылы Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 9 сыныптан кейін оқуға түсушілер үшін қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыс жүргізді.

Мемлекеттік тапсырыстың бір бөлігі техникалық мамандықтарға бағытталғандықтан 2023-2024 оқу жылында бірінші курсқа салалық мамандықтар – металлургия, ІТ, қызмет көрсету және тағы да басқа мамандықтар бойынша білім алушылар қабылданды.   

Қазіргі уақытта техникалық мамандықтар бойынша қабылданған білім алушылардың үлесі 76,7% (128 адам) құрайды. 

2023 жылы Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлауды енгізуді жалғастырды.

Біздің колледж ағымдағы жылы жұмыс берушілер арасында жұмысшы кадрларды мақсатты даярлау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде 5 кәсіпорынмен 35 мақсатты шарт жасалды, оның басым бөлігі «Қамқор локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалына және «Atbasar Technopark ЖШС» ЖШС - 25 білім алушыға тиесілі.

Бұл ретте кәсіпорындар өз базасында білім алушылдардың тәжірибеден өтуін, педагогтердің тағылымдамасын ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды. Мақсатты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің талаптарына сай жаңартылады, дуальды оқыту ұйымдастырылады, білім алушылар оқу үдерісі кезінде кәсіпорында тәжірибелік оқытудан өте алады.

Бұл тапсырыс берушінің де, орындаушының да ортақ жауапкершілігін арттырады.

2023 жылы колледждің дуальды оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысы жалғастырылды. 

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап дуальды оқытуға 199 адам немесе білім алушылардың жалпы санының 40,7% қатысады.

Биылдан бастап дуальды оқыту үдерісімен қамтылған мамандықтар кеңейтілді. Сонымен, оқытудың бірінші жылынан бастап бұрын дуальді оқытуға тартылған токарлар, дәнекерлеушілер, автослесарьлар, сатушылар мен мерчендайзерлер, аспаздар мен кондитерлер қатарын электромонтерлер, шаштараз-стилисттер толықтырды.

Дуальды оқыту шарттарын жасасқан әлеуметтік серіктестердің саны 22-ге дейін өсті. Бұл «Қамқор локомотив»ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалы, Атбасар электрмен жабдықтау қашықтығы, «ҚТЖ» ҰК АҚ филиалы, магистральдық желісінің Ақмола бөлімшесі, «Қазтехникс»ЖШС, «Азия-2017» ЖШС, «Т.В.Папушина» ЖК, «Айекешов»ЖК және т. б. сияқты ірі кәсіпорындар мен ұйымдар.

 

 

Просмотров: 632


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст