Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие бөлімінің 2023 жылғы жетістіктері

26.12.2023

2023 жылында тәрбие бөлімінің қызметкерлері мен «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК студенттері республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысып, қорытындылары бойынша түрлі марапаттарға ие болды. «Уақыт – байланыстыратын желі» (жетекшісі – Ш.Оразалин) атты мұражайлық жобаларды қорғау бойынша облыстық байқауды өткізуді ұйымдастырғаны үшін облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Татьяна Петровна Толкумбекова марапатталды. Еріктілердің облыстық «КДМ - LEFE» байқауына қатысқаны үшін Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Д.Ермековтың 3 дәрежелі Дипломымен ЖІК инспекторы Гульзара Касеновна Жусупова марапатталды. Еріктілердің халықаралық күні аясында Атбасар ауданы әкімінің орынбасары К.Куатбековтен грамотамен марапатталды. 

Лауреаттарды дайындау мен педагогикалық шеберліктері үшін: «Ғажайып қыс» республикалық қашықтық байқауы – «Уақыт – байланыстыратын желі» (жетекшісі – Ш.Оразалин) атты мұражайлық жобаларды қорғау бойынша облыстық байқауды өткізуді ұйымдастырғаны үшін облыстық білім басқармасының дипломымен көркемдік жетекші Татьяна Анатольевна Лямина марапатталды. «Алтын күз» республикалық қашықтық байқау-фестивалінде «Поэзия» номанициясы бойынша алған екінші орын үшін Э-22 тобының студенті Елизавета Галюк Дипломмен марапатталды; «Алтын күз» республикалық қашықтық байқау-фестивалінде «Поэзия» номанициясы бойынша алған екінші орын үшін П-4 тобының студенті Елизавета Данилова Дипломмен марапатталды; халықаралық еріктілер күні аясында Атбасар ауданының өміріне белсенді қатысқандары үшін Атбасар ауданы әкімінің орынбасары К.Куатбековтың грамоталарымен М-23 тобының студенті Тимур Ниязбеков, Т-6 тобының студенті Темерлан Амангельдинов, П-4  тобының студенті Камилла Галета марапатталды. Ақмола жастар-ресурстық орталығының Алғыс хатымен жастар бағытына белсенді қатысқаны үшін ПМ-35 тобының студенті Анастасия Сорокина марапатталды; облыстық «Жастар көшбасшысы-2023» байқауына қатысқаны үшін 3 дәрежелі дипломмен ПМ-35 тобының студенті Жүлдыз Жунусова марапатталды; Атбасар ауданы ішкі саясат пен тілдерді дамыту орталығының басшысы М.Ермекбаеваның мақтау грамотасымен «Отбасы күніне» арналған байқауға қатысқаны үшін Э-22 тобының студенті Александр Нагель марапатталды; аймақтың жастар саясатын дамытудағы белсенді позициясы үшін Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының жетекшісі Д.Ермековтың Алғыс хатымен ЭВМ-24 тобының студенті Владимир Мамзолов марапатталды; «Қазақстан Республикасы колледждерінің 2023 жылғы ең үздік 100 студенті» облыстық байқауына қатысқаны үшін сертификатпен Э-32 тобының студенті Игорь Герасименко марапатталды.   

 

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст