Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасар ауданының спорт ардагері кездесу өтті

24.01.2024

24 қаңтар күні «Аграрлық-индустриялық колледжінде» Атбасар ауданының спорт ардагері Болатбек Шахмуратович Кожаевпен кездесу болып өтті. Болатбек Шахмуратович Алматы, Түркістан, Талдықорған қалалары ардагерлері арасында самбодан, қазақ күресінен Қазақстанның жеті дүркін чемпионы. Спорт жылы – 2023  жыл қорытындылары бойынша спорт ардагері Болати Шахмуратович Кожаев Орал қаласында өткен самбодан республикалық турнирда 1-ші орын иеленсе, Семей қаласында самбодан өткен Қазақстан чемпионатында – 2-ші орын, Алматы қаласында дзюдодан өткен Қазақстан чемпионатында – 2-ші орын, Жетісу облысының Жаркент қаласында қазақ күресінен өткен Қазақстан чемпионатында – 2-ші орын, Жезқазған қаласында дзюдодан өткен республикалық турнирде – 1-ші орынға ие болды. «Ең үздік спорт ардагері» атағы бар. 

Қазақстан Республикасында спортты дамытуға қосқан үлесі үшін үкімет наградаларымен марапатталған. Көлік қызметкерлері күніне орай Атбасар станциясы бастығының грамотасымен марапатталған. Көліктегі спортты дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Құрмет Грамотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Жоғары спорт жетістіктері мен Қазақстандағы спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясынан спорттағы жоғары жетістіктері үшін «қара белдік» иегері атанды. 

Колледж студенттерімен кездесу қарым-қатынас түрінде өтті, оның барысында балалар Болатбек Шахмуратовичке әртүрлі тақырыптар бойынша сұрақтар қойдыҚоштасу кезінде қонағымыз студенттерімізге «Әр адам өз мақсатына өз армандары арқылы жетеді! Армандаңыздар және саяхат жасаңыздар!» деген тілек білдірді.

Кездесу бірінші курстың 70 білім алушысын қамтады.

Тәрбие бөлімі .

 

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст