Текст
2024 жылғы 25 қаңтар күні № 3 жалпы білім беретін мектеп негізінде облыстық семинар болып өтті. Семинардың тақырыбы: «Еңбек даулары, олардың пайда болу себептері. Еңбек дауын келісім комиссиясында шешу тәртібі».
Семинар жұмысына оқу-ағарту қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құқықтық инспекторы А.Ж.Бактабанов, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ комитетінің» Ақмола облыстық бөлімінің төрағасы Б.К.Абдрахманов, Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушина қатысты.
Сонымен қатар семинар жұмысына Жақсы және Атбасар аудандарының білім қызметкерлері қатысты.