Бүгін, 2024 жылғы 02 ақпан күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК ЖІК инспекторы Гульзара Касеновна Жусупованың жетекшілігімен «САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ» тақырыбындағы семинар өткізілді.
Білім алушы жастардың сайлау құқығы және сайлаупроцесі мәселелері бойынша құқықтық хабардарлық деңгейін арттыру үшін білім алушыларды қоғамда белгіленген сайлау өткізу ережелерімен, оларды реттейтінқұқықтық актілермен таныстыру өте пайдалы. Соныменқатар, білім алушылар сайлау процесінде туындауы мүмкін бұзушылықтар туралы біледі. Осы семинарға тапсырмаларалдын ала белгіленіп, студенттер ақпаратты өз бетіншедайындауы керек болды, олар келесі тақырыптар бойыншатәжірибеге бағытталған жобаларды дайындады:
«Демократияның элементі ретінде сайлау дегеніміз не?»;
«Сайлау процедурасын қандай заңдар реттейді?»;
«Сайлау қалай өтеді?»
«Сайлау процесінде қандай бұзушылықтар бар?»
Іс-шара сайлауға алғаш рет қатысатын студенттер үшін өткізілді. Негізгі ұғымдар қарастырылды:
Сайлау.
Референдум.
Белсенді сайлау құқығы.
Пассивті сайлау құқығы.
Сайлаушы.
Ценза.
Мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйесі .
Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың Қазақстан Республикасының саяси өміріне қатысу нысандарын білу, негізгі ұғымдарды меңгеру, мемлекеттік биліктің үш тармағына сипаттама беру. Семинар өте бай болды, балалар ақпаратпен бөлісті, өз көзқарастарын қорғай отырып, пікірталастарға қатысты және көптеген жаңа нәрселерді білді, ең бастысы, енді олар ҚР Конституциясында белгіленген құқықпен еліміздің болашағын дамытуда алғашқы қадамын жасай алатын сәтті асыға күтетін болады!
Т.Толкумбекова .