Текст
2024 жылғы 13 ақпан күні әлеуметтік педагог А.С.Алибекова екінші курстың Т-25 тобының студенттері үшін «Терпила» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Студенттер фильмді тәрбие бөлімінің «Буллинг әлеуметтік-педагогикалық мәселе» жоспары аясында көрді.
Фильмді көрсету мақсаты: агрессивті мінез-құлықтың алдын алу, қорлау, қорқыту, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасты қалыптастыру. Жаман құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті сезіну, бір-біріне физикалық зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу.