2001 жылы Наурыз Қазақстанда ресми мемлекеттік мереке болып жарияланды және бүгінде ол қазақстандықтардың өміріндегі ең танымал және айтулы оқиғалардың бірі болып табылады. Наурыз күніне арналған дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірқатар ерекше дәстүрлер мен әдет-ғұрыптармен байланысты. Бұл күні адамдар кездесіп, құшақтасып, бір-біріне және туысқандарына құттықтаулар мен тілектер жолдайды. Наурыз-мейрамын мерекелеудің негізгі философиясы – ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту, рухани жаңғыру құндылықтарын, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту.
Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу қарсаңында «Атбасар қ. аграрлық-индустриалды колледжі» МКҚК ұжымы Қазақстанның барлық тұрғындарын «Көктем! Наурыз-мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын!» деген сөздермен қарсы алып әр үйге өркендеу тілейді!