2024 жылғы 18-19 сәуірде Көкшетау қаласында Ақан сері мәдениет колледжінің ғимаратында WorldSkills-2024 байқау чемпионаты өтті.
«Атбасар қаласы, аграрлық - индустриалдыколледжінің» бірінші курс студенті Виктория Власова «Сәнді киім мен аксессуарларды жобалау» құзыреттілігі бойынша қатысты
Конкурстық тапсырмалар модульдер бойынша орындалды. Байқауға зерттеу, жобалау және презентация бөлімдері кірді:
Модульдер мен уақыт кестеде жинақталған.
1 Модуль: Зерттеу -1,5 сағат
2 Модуль: Футболка үшін басып шығаруды әзірлеу - 1,5 сағат
3 Модуль: Көйлектің әзірлеу - 4,5 сағат
4 Модуль: Аксессуарларды әзірлеу (сөмке) - 3 сағат
5 Модуль: Бизнес-жоспар - 2,5 сағат
6 Модуль: Өнімнің тұсаукесері - 1 сағат.
Мұндай жарыстарға қатысу қатысушы студенттерге өздерінің дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Ө/ шебері: Башмакова Л. А.