Текст
15 мамыр Қазақстанда Отбасы күні аталып өтіледі. Егер отбасы негіздері мен құндылықтары сақталса және бағаланса, мемлекет тұрақты болатыны белгілі. Бала отбасында алатын барлық нәрсесі – махаббат, қамқорлық, назар, ол бүкіл өмір бойына жетеді. Сондықтан біздің жылдам ақпараттық дәуірімізде отбасылық ошақтың жылуын сақтау өте маңызды. «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриалды колледж» МКҚК мереке қарсаңында бірінші курс топтарында«Әлем отбасынан басталады» ақпараттық сағаты өткізілді. Бұл іс-шараға студенттер кураторлармен бірге дайындалды, отбасы туралы ақпарат жинады, отбасылық дәстүрлерді еске алды және бөлісті.
Қамту-120 білім алушыны құрады.
ОТЖ жөніндегі орынбасар Т.П.Толкумбекова.