Текст
30 мамырда «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК Атбасар ауданының прокуратура органдары нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес айлығы аясында акт залында бірінші курс студенттеріне дәріс өткізді.
Прокуратура өкілдері психоактивті заттарды қабылдаудың салдары, тәуелділіктің даму механизмі, есірткі мен алкогольді теріс пайдалану себептері, тыйым салынған заттарды салғаны және сатқаны үшін қандай жаза қолданылатыны туралы ақпарат берді.
Кездесуді Атбасар ауданы прокуратурасының аға прокуроры Э.М.Жарылкасын, Атбасар ауданы прокуратурасының прокуроры А.А.Ашимова, Атбасар ауданы полиция бөлімшесінің ЖПҚБ МЮП испекторы Б.Т.Рахимжанов өткізді.
180 адам қамтылды.
Тәрбие бөлімі.