2024 жылғы 7 маусымда Ақмола облысының дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы Ақмола облысының ІІБ есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп оқушылар арасында «Нашақор болмаудың 100 себебі» тақырыбында өңірлік конференция ұйымдастырды. Турнирге қатысу үшін Ақмола облысы колледждерінің 19 тобынан өтінімдер келіптүсті.
Турнирдің мақсаты: жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, пікірсайыс қозғалысын дамыту және қолдау.
«Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК командасы құрметті үшінші орынды иеленді. Командаға қатысушылар – ПМ-35 тобының білім алушысы Жунусова Жулдыз бен ОП-11 тобының білім алушысы Балекбаева Тахмина дипломдармен, сертификаттармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
«Ақиқат» командасын лайықты жеңісімен құттықтаймын!
«Пікірсайыс» клубының жетекшісі Т.А.Лямина.