Кеше, 2024 жылғы 09 маусым күні «Аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК бөлімшесінің бірінші курсының білім алушылары саяси репрессиялар мен тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде болып қайтты. Бізді «АЛЖИР» құрбандарын еске алу құрметіне тұрғызылған «Қайғы доғасы» атты металдан жасалған конструкция қарсы алды. Одан басқа, кешен аумағында басқа да көптеген ескерткіштер орналасқан. Олардың арасында:
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «АЛЖИР» мемориалдық кешені – Қазақстандағы Астанадан 40 шақырым жерде орналасқан ашық аспан астындағы ауқымды ғимарат. Дәл осы жерде Отаның сатқандардың әйелдерінің атышулы Ақмола лагері болды, онда әр жылдары (1938 жылдан 1953 жылға дейін) мыңдаған әйелдер ұсталды, олардың кінәсі тек тұтқындалған, атылған «халық жауларының» әйелдері болуы. Жалпы Ақмола лагерінде 62 ұлттың 18000 әйелдері отырды. Кешен құрамына бірнеше ескерткіштер мен нысандар кіреді. Олардың ішінде – мұражай, «Қайғы доғасы», сақталған казармалар мен ғимараттар, сонымен қатар әйелдерді лагерьге жеткізген «сталин вагоны». Мемориалдық кешен нақты тарих пен дәуірді бейнелейді және бұрынғы КСРО аумағындағы осындай жерлердің ішіндегі ең ірілерінің бірі болып табылады.