2024 жылғы 19 маусым күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының «Кондитер-безендіруші» біліктілігі бойынша біліктілік емтиханы өткізілді. Білім алушылар 03 «Әрлеу жартылай фабрикаттарды дайындау және дайын бұйымдарды безендіру» кәсіби модулі бойынша сұрақтарға жауап беріп, Бетно-торт кондитерлік бұйымды технологиялық карта сәйкес дайындаудан тұратын практикалық тапсырманы орындады.
Құрамына ЖК «Папушина»-ның жетекшісі Т.В.Папушина, ЖК «Кусаинова»-ның жетекшісі А.М.Кусаинова, ЖК «Кулиев Р.Э.»-тың жетекшісі Р.Э.Кулиев, Атбасар аудандық кәсіпкердер палатасының өкілі К.К.Жумабекова кіретін біліктілік комиссиясы ұсынылған аспаздық «шедеврлердің» кең ассортиментін жоғары бағалады. Емтихан қорытындысы бойынша балаларға «Кондитер-безендіруші» біліктілігі берілді.