2024 жылғы 24 маусым күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Электржабдықтар (салалар бойынша)», «Маркетинг», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарының ІІІ курсының білім алушыларында біліктілік емтихандары өткізілді.
Білім алушыларды өндірістен келген жұмыс берушілер және кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған комиссия бағалайды.
А-31 тобының 17 білім алушының 13-і бастапқы 3 дәреже алды. Білім алушылар Войциховский Владислав, Жаксалыков Данат, Лаута Екатерина, Саятлеков Бекзат, Солонец Владимир модульдар бойныша демонстрациялық емтихан тапсырды.
Э-32 тобының білім алушылары комиссияға «4qантенна», «Электротехника сабақтарына арналған көрнекі құрал», «Акустикалық жүйесі бар дыбысты күшейткіш» сияқты тәжірибелік жұмыстарды ұсынды. 13 білім алушы бастапқы ІІІ дәреже алды. Ермекбаев Нурбол, Сеильханов Арлан, Федотов Дмитрий сияқты білім алушылар жоғары ІV дәреже алды. Комиссия мүшелері Федотов Дмитрийдің, Сеильханов Арланның, Мамудова Юлияның және Распеков Ануардың тәжірибелік жұмытарын атап өтті.
ТДІ-31 тобында демонстрациялық емтиханды 5 адам тапсырды. Ең үздік нәтижені Досмагамбетов Айбол көрсетті. 798 ұпай алып, электргазбендәнекерлеушінің IV дәрежесін алды. Вагнер Роман 707 ұпаймен ІІІ бастапқы дәреже, Ранибагин Расул – 680 ұпаймен ІІІ бастапқы дәреже, Абрамов Алексей – 595 ұпаймен ІІІ бастапқы дәрежесін алды.
М-35 тобында біліктілік емтиханың 19 адам тапсырды. Комиссия Тараканова Викторияның, Игибаева Динаның, Кононова Анастасияның жақсы білімдерін атап өтті. Демонстрациялық емтиханды Каргаполова Ангелина, Кашина Анжелика, Жунусова Жулдыз, Павленко Алевтина, Рахимова Карина тапсырады.