Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл мәртебесі – ел мерейі»

15.09.2020

«Тіл мәртебесі – ел мерейі»

         ...Ал екінші бақытым – Тілім менің,
         Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
         Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
         Қасиетті тілімнен түңілмедім,- деп жырлаған қазақтың данышпан ақыны Мұқағали Мақатаевтың осы бір поэзиясы әр қазақтың патриоттық жыры болса артық болмас. Ежелден-ақ халқымыздың тіл құдіретін танып әрі ардақтағанын осы күнгі әдебиетіміз бен тарихымыздың беттерінен көріп келеміз. Әрине, халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, кескін-келбеті, бүкіл мәдениеттің тұтқасы болған ұлы күш, қасиетті күш. Осындай қасиетті күшті құдіретті күшімен атадан балаға аманат етіп әкелген ата-бабаларымыздың ерең еңбегі. Жақсы сөзді жанына азық ете білген қазақ халқының тілі – ең бай тіл. Талай даудың басын білек күшімен емес, тіл күшімен шешкен би-шешендер, жыраулар, халқына «Оян, Қазақ!», «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам...» деп ұран тастаған ақындар, том-том кітапты дүниеге әкелген жазушылар мұрасы Тіліміздің байлығын бір дәлелдеп берді. Сол мұра бүгінге дейін сақталып, өзінен кейінгі ұрпаққа шабыт ұялатып жаңа туындыны әкелуіне себеп болып  жатқаны – тіл мәртебесі. Күллі әлемде 6000 мыңнан астам тіл болса, соның ішінде өз мәртебесін жоғалтқан тілдер қаншама?! Ал біз ана тілімізді саналы ұрпақтың және құдіреті күшті ата-баба рухының арқасында сақтап келеміз. Талай дүрбелең кезеңдерді бастан өткерген қазағымның «қасиетті тілінен түңілмегені» - батырлық емей немене?! 

         Міне, бүгін біз жаңа дәуірде – Тәуелсіз мемлекетте, өмір сүріп келе жатсақ та, тіліміздің мәртебесін көтеріп келеміз. Мемлекеттік тілдің мерейін асыра түсу мақсатында елімізде талай жұмыстар атқарылуда. Ана тілімізде мемлекеттік құжаттар жүргізіліп жатса, енді бірі мемлекеттік тілді мектептер мен балабақшалар күннен-күнге артып келе жатыр. Өзге ұлт өкілдерінің бір тобы  қазақ тілінде білім алып, тілді меңгеріп, тілге құрмет көрсетуде. Солардың сонау төрінде тұрған тұлғалардың бірі Асылы Осман – нағыз «Тіл жанашыры». Өзге ұлт өкілі болса да, «өз тілім» деп қазақ тілінің мәртебесін жоғары қоя білген. Қазақ тілін күллі әлемге паш етіп жүрген өнер саласында да танымал тұлғалар  жоқ емес. Басқа мемлекет сахнасының қақ ортасында қазақтың қара домбырасы мен құдіретті «қазақ тілін» паш еткен Димаш Құдайберген ұрпаққа үлгі бола білді.  Елімізде осындай бабалар рухын бойына сіңірген ұрпақтар бола берсе ел мерейі өшпейді, тіл мәртебесі асқақтай береді.  

         Қазақ баласының «Төрт анасының» бірі – туған Тілі – сатылмайтын байлығы. «Төрт анасын қорғамаған халықтың, Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!» - деп жырлаған Мұхтар Шаханов. 

       Сен едің, Тілім, бесік жырын жырлатқан,

         Сен едің, Тілім, ертегіңді тыңдатқан.

         Сан ғасырдың тоқсан ауыз толғауын

         Сен арқылы Жырауды естідім толғаған.

         Абай тілін сен арқылы таныдым,

         Тамсандым естіп үнін Жамбылдың.

         Көркем сөзден өң бойыма нәр алып,

         Сен арқылы рухани шексіз байыдым.

         Сен арқылы Мұқағалимен сырластым,

         Сен арқылы Фаризадай жыр шаштым.

         Ұлы тілдің даналығын паш еткен

         Тани білдім Ұлыларын Қазақтың!

                                                   

«Аграрлық-индустриялық колледжі»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Молдыбаева Әсел Арыстанқызы

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст