Текст
2024 жылғы 2 қыркүйек күні 1 курстың Э-2 тобының сынып жетекшісі және өндірістік оқыту шебері білім алушылар арасында «Білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаты өткізді. Сынып сағатының мақсаты - білімге құндылық қатынасты, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, адамгершілік – патриоттық қасиеттерді, өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Сынып сағаты ұлы классиктер мен ұлы адамдардың патриотизм туралы пікірлерінен басталды. Балалар: «Бұл күндері патриотизм деген не? Азаматтық, Отанға деген сүйіспеншілік», «Ол кім – өз Отанының нағыз патриоты» деген мәселелер бойынша пікірлерімен бөлісті. Сынып сағатының соңында «Жас патриот» викторинасы өткізілді.