Текст
2024 жылғы 12 қыркүйекте "Атбасар қ.аграрлық-индустриялық колледжі" МКҚК Ақмола облысы Дін істері басқармасы өкілдері А. Сарденов пен Б. Смадьяровтың сапарымен болды.
Кездесу барысында П-4 және Э-22 топтарының студенттерімен интернет-кеңістіктегі қауіпсіздік туралы профилактикалық әңгіме өткізілді. Өзін деструктивті жалған діни идеологияның ықпалынан қорғауды және насихаттауды болдырмау мақсатында студенттерге күмәнді сипаттағы топтардан/қауымдастықтардан (егер бар болса) бас тарту ұсынылды, өйткені олар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын материалдарды тарата алады.
Соңында өзекті бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Тәрбие бөлімі.