Текст
12 қарашада біздің колледжде «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқу аясында қонақтар дәрісі өтті. Дәріске: Р.М.Тасмағамбетова - Ақмола облысы Абасар ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры, қаламыздың кәсіпкері А.Е.Ержанов, студенттер мен оқытушылар қатысты. Дәріс басында Азамат Ерікұлы өзінің жеке кәсібін қалай ашып, кәсіпкер болғанын айтты. Жігіттер оның әңгімесінен шабыттанды, олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оған жауап алды. Кездесу соңында Роза Мырзабекқызы жігіттер түрлі басқару шешімдерін қабылдайтын және болашақ кәсіпкерлер ретінде сезінетін ойын ойнады. Студенттерге бұл кездесу өте ұнады және өз ісін бастауға бастама бола алады.