Текст
«Біртұтас тәрбие» бірыңғай бағдардамасын жүзеге асыру аясында, Отбасы күніне арналған тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім» ұранымен «Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінің» П-4 тобында «Отбасылық құндылықтар студенттер көзқарсымен» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді. Оның мақсаты – жасөспірімдерде қарым-қатынас мәдениеті мен отбасылық құндылықтарды қалыптастыру. Жаттығулар барысында студенттер көзқарастар мен құндылық бағдарларын анықтады, үйлесімді отбасы құндылықтарының пирамидасын құрды, «Жақсы отбасы» астарлы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады, отбасылық қатынастардың күрделілігінің кейбір себептерін ашты.
Педагог-психолог Фёдорова Т.В.
#Біртұтас_ тәрбие