Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОҚ ДЕЙМІЗ.

19.01.2021 Сыбайлас жемқорлық демократияның жұмысына нұқсан келтіреді, мемлекеттік институттардың жұмысын тежейді және мемлекеттік ресурстарды оңтайлы пайдалануға жол бермейді. Белгілі бір елдегі сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі сауда-экономикалық байланыстардың дамуына кері әсерін тигізеді, инвестициялар ағындарын бәсеңдетеді және сайып келгенде, осындай елдің имиджіне әлемдік қоғамдастық алдында айтарлықтай нұқсан келтіреді. Қалай болғанда да, бұл қоғамның дамуына нұқсан келтіреді және әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарының жағдайына қатты әсер етеді. Тиісінше, сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы ең жақсы кепілдеме мемлекет әзірлеген және осы процеске бүкіл қоғамды тартуға негізделген алдын-алу шараларының дамыған жүйесі бола алады. Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК оқытушылары мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат берілді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік күшейтілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне тиісті түзетулер енгізілді. Пара бергені мен пара беру кезінде делдал болу үшін бас бостандығынан айыру мерзімі көбейтілді. Егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген «Қомақты мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, орташа ауырлықтағы қылмыс деп танылған болса, жаңа редакцияға сәйкес жазаның жоғарғы шегі жеті жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде осы қылмысты тиісті заңдық салдары бар ауыр санатқа - шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салады және жазаны ең төменгі қауіпсіз колонияда өтеуге мүмкіндік бермейді. Бұл тыйым парақорлық кезінде делдалдық көрсеткені үшін сотталған, қылмыстық топпен немесе өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып бірнеше рет қайталаған адамдарға қолданылады. Бас бостандығынан айыру мерзімдерінің өсуімімен қатар айыппұл мөлшерлері де өсті. Мысал үшін, қарапайым пара (50АЕҚ немесе 145 мың теңгеге дейін) берген тұлғалар үшін еселік айыппұлдың мөлшері параның 10 еселік мөлшерінен 20 еселік мөлшеріне дейін көбейтілді. Егер тұлға 100 мың теңге көлеміндегі пара бергені үшін сотталған болса, оған сотпен белгіленген ең аз айыппұл мөлшері 2 млн.теңгені құрайды. Бұрын ең төмен айыппұл мөлшері 1млн.теңгені құрайтын. Сол сияқты делдалдар үшін де еселік айыппұл мөлшерінің шегі екі есеге көбейтілді. Мемлекеттің міндеті – осы тармақтардың жүзеге асуына жағдай жасау. Сөз бостандығын қорғау. Өкіметтің бөлінуін қамтамасыз ету. Жемқорлықты жазаның қатаңдығымен жеңуге болады деген қате пікір. Жемқорлық жайлаған мемлекетте қатаң жазалар репрессияға айналады. Шындығында, сыбайлас жемқорлықты жүйелі мемлекеттік саясаттың көмегімен, сыбайлас жемқорлықтың себептерін кезең-кезеңімен жою арқылы ғана төмендетуге болады. Сыбайлас жемқорлықа тосқауылдар билік қабылдаған құқықтық нормаларда бекітілілген арнайы құқықтық тетіктердің көмегімен жасалады. Тиісті нормалардың көмегімен құқықтық кеңістікке енуге және Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тиімді құралдарын енгізуге болады. Сонымен, Қазақстанда мемлекеттік деңгейде мемлекеттік және әкімшілік жүйені реформалау (ол бюджеттік саланы, мемлекеттік сатып алуларды, әлеуметтік төлемдер жүйесін, еңбек заңнамасын және т.б. оңтайландыруды қамтиды), қазіргі заманғы жаппай құқықтық мәдениетті қалыптастыру және республиканың өркениетті, құқықтық мемлекеттер қауымдастығының құрамына ену бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Іс жүзінде бұл шаралардың барлығы сыбайлас жемқорлықпен табысты күресу үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Просмотров: 129


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст