Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Шілде 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Колледж туралы

Қазақстанда жұмысшы табыныа әрдайым құрметпен қарайды.

Оның нақты дәлелі Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық коллежді.

Дәл осы жерде бастапқа кәсіби білім бастауын алды.

 

Сапа белгісі бар студенттер

Біздің колледжде кәсіптерді игеріп, мамандық алатын, ал қала мен облыс кәсіпорындарында тәжірибеден өтетін балалар туралы дәл осылай айтылады.

«Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжд» МКҚК 2019 жылы екі колледжді біріктіру арқылы пайда болған, басқарудың жаңа түріне ауысқан кәсіптік білімнің жалғыз  мұрагері. Осылайша, колледж озат оқу орындарының бірі болып саналады. Қазір оқу үдерісі Атбасар қаласының екі алаңқайларында  жүргізіледі.

Құрылғанына біраз жыл болуына қарамастан, оқу орны жаңарып, инновациялық технологияларды енгізе отырып, уақыт талабына сай келеді.

Қазіргі уақытта «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК біздің колледж – білім беру алаңқайы ғана емес, сонымен қатар әрбір студент мен педагог үшін талант аумағы деп санайтын жас, жігерлі басшы Владимир Валентинович Лукин   бьасқарып келеді.

Колледждің миссиясы – оқу орнының кәсіптік дайындау мен бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеу саласындағы оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.  

 2020 жылы колледж жеті мамандық бойынша институциональдық мамандандырылған аккредиттеуден өтіп, 5 жыл мерзімге аккредиттелді. Осы 20213 жылы біз тағы да мемлекеттік аттесттауды растап, біздің колледж тағы бес жылға аттестатталды.

Базалық және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететін оқыту ортасын құру үшін «АИК» МКҚК-да заманауи кабинеттер мен зертханалар кешені бар, оларды жарақтандыру оқу пәндерінің барлық циклдары бойынша білім беру үдерісін тиісті деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Дәрісханалар, зертханлар мен шеберханалар интерактивті тақталармен, компьютерлермен, жаңа станоктармен жабдықталған, заманауи робототехника бар. Сонымен қатар колледжде оқу әдебиетімен қатар, көркем әдебиет кітаптарымен қамтылған үлкен кітапхана бар. Спорт құралдарымен жабдықталған үлкен спорт және жаттығу залдары бар.

Қазір колледжде 83 педагог еңбек етеді, оның 37 оқытушылар болса, 34 өндірістік оқыту шеберлері. Олардың ішінде төмендегі санаттары бар: магистр – 1, жоғары – 8, бірінші – 20, екінші – 35.

Өздерінің кәсіби шеберліктерін растау үшін шеберлер түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аталып жүр. Колледждің шеберлері арасында наубайханалық іс, сән технологиясы, аспаздық іс, жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету, шаштараз өнері, дәнекерлеу ісі тәрізді 7 құзыреттер бойынша бірнеше жыл бойы WorldSkillsKazakhstan аумақтық чемпионатқа қатысып келеді.  2019 жылы үш жүлделі орынға ие болды: «Сән технологиясы» құзыреті бойынша 1 орын, «Аспаздық іс» құзыреті бойынша екінші орын, «Жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету» құзыреті бойынша 3 орынды иеленді. 2020-2021 оқу жылында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Шаштараз шеберлігі» құзыреті бойынша төртінші орынды иеленді. Оқу орнының педагогтері облыстық және республикалық байқауларға қатысқандары үшін құрмет грамоталармен белгіленді. Сонымен қатар біздің оқу орыны колледждің материалдық негізін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін «Жас маман» жобасына қатысады.

 

 

 

Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес «АИК» МКҚК 2023-2024 оқу жылында келесі мамандықтар бойынша абитуриенттерді қабылдайды:

Код

Мамандық атауы

Біліктілік атауы

Білім деңгейі

1

07150300

Токарлік іс (түрлері бойынша)

Токарь фрезерші

9 сынып негізінде

2

07161300

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Автомобиль көлігін жөндеу бойынша шебер. Автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь

9 сынып негізінде

3

07130100

Электржабдықтары (түрлері мен салалары бойынша)

Электромонтер (түрлері, салалары бойынша)
Электржабдықтарын жөндеу бойынша электрослесарь (түрлері мен салалары бойынша)

9 сынып негізінде

4

07230100

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілену

Сәнгер-пішуші

Тігінші

9 сынып негізінде

5

06120100

Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

Компьютерлік апаараиттық қамтамасыз ету операторы

9 сынып негізінде

6

10130300

Тамақтандыруды ұйымдастастыру

Кондитер –безендіруші. Аспаз

9 сынып негізінде

7

07150500

Дәнекерелеу ісі (түрлері бойынша)

Электрогазбен дәнекерлеуші

9 сынып негізінде

8

07161600

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі

Слесарь-жөндеуші

9 сынып негізінде

9

10120100

Шаштараз өнері

Шаштараз-стилист

9 сынып негізінде

10

073220100

Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

Әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері

9 сынып негізінде

 

Қаладант ыс жерлерден келген студенттер үшін колледждің екінші ғимаратында жатақхана бар.

  • Жатақхана бес қабаттан тұрады. Бірінші қабатта тұрмыстық бөлме, кір жуу бөлмесі, медициналық кабинет, кітапхана, мәжіліс залы бар. Екінші қабатта спортзалы, жаттығу залы орналасқан. Үшінші қабатта қыздардың бөлмелері орналасқан. Төртінші қабатта ұлдардың бөлмелері орналасқан. Бесінші қабат жөндеуге дайындалуда.
  • Жатақхананың жобалық қуаттылығы 240 орын.
  • Жатақханада тұратын білім алушылар үш реттік тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
  • Әрбір қабатта демалыс бөлмелері ұйымдастырылған.
  • Сабақтан тыс уақытта білім алушылар үшін жаттығу залы, мәжіліс залы, кітапхана қызмет етеді. 
  • Жатақхана, оқу корпусы, асхана бір ғимаратта орналасқан.  

Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 9 сынып негізінде білім алушыларға ай сайын шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жақсы және үздік оқитын білім алушыларға төленеді.

2019 жылдан бастап жұмыс мамандықтары бойынша оқитын барлық топтар тегін тамақпен қамтылған.

Көбіміз «Сессиядан сессияға дейін студенттер көңілді!» белгілі мақалын білеміз. Біздің оқу орнының студеттері бұдан тыс қалып жатқан жоқ. Спорттық іс-шаралар, шығармашылық сайыстар, қызығушылық бойынша клубтар, түрлі акциялар – қозғалыстар, әскери ән фестивалі, кітап клубының жұмысы – ішкі іс-шаралардың толық емес тізімі. Ал егер қалалық, облыстық жобалар мен акцияларға қатысуды қоссақ, колледждің оқудан тыс өмірі қайнап жатыр деуге толық негіз бар.

– Ия, бұл расымен де солай, - деп директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова растады.  – Және бұл оқу орнында атқарылып жатқан іс-шаралардың толық емес тізімі. Бізде спорттық, шығармашылық және қоғамдық өмірге қуана қатысатын талантты балалар өте көп. Біздің колледж «Кезең» облыстық спартакиадасындағы спорттық жетістіктерімен танымал. «Мейрімді істер автобусы» еріктілер қозғалысын атап өтпесем болмайды. Бұл жоба 2021 жылдан бері қызметін атқарып келеді. Шаштараз-студенттер түзету мектеп-интернатының білім алушылары, қарт тұрғындар үшін көшпелі акциялар өткізеді. Мұғалімдер өз жұмысына құмар және бұл үшін олар айналысатын іске деген сүйіспеншілік қажет-бұл студенттердің кәсіби жетілуіне жетудің басты құпиясы. Дәл осыны оқытушы-педагог Г.К.Жусупованың балалармен жұмысы дәлелдейді. Оның басшылығымен жұмыс істейтін «Саналы ұрпақ» клубына қатысатын балалар жемқорлыққа қарсы жобаларға қатысып, республика және облыс бойынша жүлделі орындарды иеленеді. Сонымен қатар, балалар қар тазалауды сұрайтын кәрі адамдарға көмектеседі. Бұл мақтаныш сезімін ұялатады. Біз бұдан әріде біздің студенттер ақылды маман болумен қатар денсаулығы мықты адамдар болуларына бар күш-жігерімізді саламыз! Ең бастысы – өзіңді өмірде табу, сонда барлығы ойдағыдай болады. «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК Атбасар ауданының аграрлық секторы мен өндірістік кәсіпорындарына кадрлар дайындау үшін негізгі оқу орыны болып саналады.

 

Жаңартылған күні: 18.02.2024 08:08
Құрылған күні: 21.08.2023 16:51

Текст