Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұмысшы мамандықтары бойынша шеберлік сыныптары мен кәсіби сынақтар көрсетіле бастады

Кәсіби бейімдеу жұмысы мен қаңтар айына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспары аясында 2024 жылғы 25 қаңтарда «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК жұмысшы бағытындағы мамандықтар бойынша шеберлік-сыныптар мен кәсіптік сынамаларды көрсету басталды. Кіәсіптік сынамалардың авторы болып жапон ғалымы С.Фукуяма саналады. Кәсіптік сынамалар-қазіргі уақытта мектеп оқушыларының кәсіптік өзін-өзі анықтауын сүйемелдеу жүйесіндегі орталық буын және оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын қалыптастырудың жүйе құраушы факторы ретінде қарастырылатын кәсіптік бағдарлау жұмысының тәжірибеге бағдарланған түрі. Бүгін Атбасар қаласының № 2 мектептің 9 сныыпе оқушылары сынып жетекшісі Г.Б.Каримбаеваның басшылығымен «Электржабдықтары (түрлері бойынша)», «Тігін ісі және киімдерді үлгілеу», «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  мамандықтарының зертаханалары мен шеберханаларында болып, кәсіптік сынамаларды өткізуге қатысуға мүмкіндік туды. «Электр жабдықтары (түрлері бойынша)»зертханасында оларды осы бағыттың жетекші маманы Сергей Владимирович Ярош қарсы алып, тұрақты және айнымалы ток машиналарының жұмысын көрсетті. Балалар EDIBON CKADA бағдарламасының көмегімен электр қозғалтқыштарын тікелей іске қосуды және қашықтан басқаруды жүргізді, сондай-ақ электр машиналарынан жұмыс сипаттамаларын қарастырды. Қашықтағы тахометрдің көмегімен айналу жылдамдығын, ток күші және кернеуді анықталды.

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» шеберханасында өндірістік оқыту шебері Надежда Петровна Симченко дайын өнімді жөндеу бойынша шеберлік сыныбын көрсетті – матаны кеспей шалбарды қысқартты, оны оқушылар қуана қайталады, сол жерде балаларға У-33 тобның студенттері орындаған бұйымдар көрсетілді, олар оқу орнын бітіргеннен кейін «Сәнгер-пішуші» біліктілігімен диплом алады.

«Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» шеберханасында өндірістік оқыту шебері Евгений Олегович Кобзар «Жас маман» жобасы шеңберінде сатып алынған жабдықтар бойынша егжей-тегжейлі экскурсия жүргізді және балалар автокөліктің тұтандыру білтелерінің жарамдылығын тексеру бойынша стендтісынады.

Кәсіби сынама – аяқталған технологиялық процестің (немесе оның жеке кезеңінің) түріне ие және мамандықты саналы, негізделген таңдауға ықпал ететін кәсіби сынақ. Демек, кәсіби сынақ-бұл белгілі бір кәсіпте өзін-өзі сынау. Біздің оқу орнымыздың есіктері ашық, ал біздің мамандар Сізге әрқашан дұрыс таңдау жасауға көмектеседі!

Т.П.Толкумбекова – «Аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК басшысының ОТЖ жөніндегі орынбасары.

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 21.08.2023 14:23
Құрылған күні: 26.01.2024 13:43

Текст