Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Электромонтер

 

Электромонтер деген мамандық  бар 

«Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК ең сұранысқа ие жұмысшы мамандықтардың бірі бойынша даярлауды жүзеге асырады.

Электромонтер – тұрмыста да, өндірісте де сұранысқа ие мамандық. Бұл ыңғайлы өмірді қамтамасыз ету және жұмыс міндеттерін тиімді орындау үшін мүмкіндік беретін электр құрылғыларын пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Электромонтер – электр жабдықтар, аспаптар мен қондырғыларды жөндеу мен қызмет көрсетуге мамандандырылған, белгілі біліктілік деңгейі бар маман. 

Бағдарлама өндірістік кәсіпорындардың электржабдықтарына техникалық қызмет және жөндеу өткізу бойынша жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін терең зерделеуге бағытталған.

Колледждің миссиясы – мамандарды кәсіби даярлау және бәсекеге қабілеттілігін тәрбиелеу саласындағы индустриялық-инновациялық даму талаптарына сәйкес оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

Мамандықтың оқу-зертханалық кабинеттері туралы мәліметтер

 

Оқу кабинеттері, зертханалар бас ғимаратта орналасқан.

Әрбір кабинетте орналастырылған оқыту құралдарының кешені колледждің ерекшелігін көрсетеді және жабдықтардың, оқытудың техникалық құралдарының, көрнекі құралдардың, материалдар үлгілерінің, анықтамалық сипаттағы материалдардың, оқу сабақтарын өткізу үшін қажетті нормативтік құжаттардың, сондай-ақ өндірістік тәжірибелердің тізбесін қамтиды. Оқытудың техникалық құралдары да бар.

Барлық зертханалар, шеберханалар мен кабинеттердің төлқұжаттары, жұмыс жоспарлары бар. Әр оқу бөлмесі жабдықтар мен құрал-саймандарға, қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету үшін жауап беретін оқытушыларға бекітілген.

Тәжірибе мен еңбекке орналастыру

Студенттердің тәжірибесі колледждің әлеуметтік серіктестер-кәсіпорындарда өткізіледі. Оқу мерзімінің барлық кезеңінде біздің тәжірибелі, кәсіби оқытушылар әр студентті электромонтер орындауы керек жұмыспен таныстырады. Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері кәсібінің артықшылығы – бұл негізгі өндіріс цехтарында, қосалқы цехтарда, зертханаларда, кәсіпорындар мен ұйымдардың бөлімдерінде, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін шығармашылық сипат және кең әмбебаптылық.  

 

Кәсіби перспективалар

Колледжде «Электржабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электрмонтер» мамандығы бойынша оқуды оқып, сен сапалы білім, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, жоғары ақы төленетін мамандық пен тиісті біліктілікке 18 жастан ие боласың.


Тәжірибе жинақтап, еңбек нарығында таптырмайтын кәсіпқой бол. Сенің білімің мен талантың негізгі өндіріс цехтарында, қосалқы цехтарда, зертханаларда, кәсіпорындар мен ұйымдардың бөлімдерінде халық шаруашылығының алуан түрлі салаларында кеңінен сұранысқа ие болады. 

 

Жаңартылған күні: 09.02.2022 10:09
Құрылған күні: 24.02.2022 15:44

Текст