Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұндай мамандық бағдарламашы бар!

Біздің өмірімізде үнемі бір нәрсені таңдау керек болады. Қарапайым күнделікті мәселелерден басталып, жаһандық проблемаларға дейін барады. Әр адамның өміріндегі ең маңызды екі таңдау болады. Ол — өмірлік серігінді және болашақ мамандығынды таңдау. Әрқайсымыз: «Мен кім болғым келеді?» — деп ой өз өзімізден сұрадық. Бұл сұрақ ең қиын сұрақтардың бірі болып табылады. Алайда, ерте ме, кеш пе, бәрі өз өмірімен не істегісі келетінін, қандай маман иесі болғысы келетінің түсіне бастайды. Енді, қазіргі заманға сай және дамыған мамандыққа тоқталайық. Ол — бағдарламалау (информатика) мамандығы. Бағдарламалау мамандығына келетін болсақ, өте танымал мамандық, өйткені біздің қазіргі әлемде жұмыс істемейтін түрлі технологиялардың көбісі бағдарламалау арқылы жұмыс істейді, ал компьютерлер мен Интернет заманауи адамның өмірінің барлық салаларына кеңінен енеді. Бұл мамандық сұранысқа ие болса, онда ол жоғары ақы төленеді, әсіресе мансаптық өсу кезінде жалақы мен төлемдер бірнеше есе артады. Сонымен қатар, компьютерлік бағдарламаларды құру жасаушыға тұрақты табыс әкеледі.

бұл мамандықта жақсы жұмыс шарттары бар. Оларға: тыныш және жайлы кеңсе, онда шу естілмейді. Бұл сіздің ойыңызды жинақтауға және өз жұмысыңызды істеуге кедергі келтірмейді.
Бағдарламалау — бұл тез дамып келе жатқан сала болғандықтан, бағдарламашы қазіргі технологияға тез бейімделіп, жаңа технологияларды үнемі үйреніп отыруы керек. Сондықтан, өздігінен білім алу — бағдарламашының негізгі дағдылардың бірі. Әйтпесе, бірнеше жылдан кейін оның маман ретіндегі бағасы айтарлықтай төмендейді. Және де бағдарламашы ағылшын тілін білуі өте маңызды. Себебі информатика мен ағылншын тілі бір бірмен өте тығыз байланысты, яғни көптеген терминдер ағылшын тілінде қолданылады.Тағы бір бағдарламашы үшін үлкен қасиет ол-жауапкершілік.Бағдарламашы өзінің орындап жатқан жұмысына жауапкершілікпен және төзімділікпен қарай білу керек. Жоғарыда айтылғандай, бағдарламашы өте пайдалы кәсіп.
Қорытындылай келе, бағдарламалау мамандығы қазіргі кездері өте дамыған.Бағдарламалаушы мансапты бағдарламашылар тобының жетекшісіне дейін (топ жетекшісі), компанияның IT директоры, IT жобалар менеджері және тағы басқа да үлкен жетістіктерге кәсіби жетіле алады,яғни бірден-бір өте жақсы мамандықдеп айтуға болады.

 

Жаңартылған күні: 05.05.2022 14:45
Құрылған күні: 05.05.2022 14:45

Текст