Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Студенттердің бос уақыты туралы ақпарат

«Аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК

 

Студеттердің карантин кезіндегі бос уақыттарын ұйымдастыру туралы ақпарат

 

Қашықтықтан оқыту – педагогтардың көпшілігіне топпен жұмыс істеудің жаңа түрі болып саналмайды. 2020 жылы короновирус пандемиясы басталғаннан кейін көптеген білім беру ұйымдары оған уақытша көшуге және сабақтарды қашықтықтан өткізуге мәжбүрлі болды. Бірақ қашықтықтан оқытудың сыртында педагогикалық үдерістің маңызды бөлігі – тәрбие жұмысы қалып отыр.

Тәрбие жұмысын қашықтықтан, Интернет-қызметтері арқылы  ұйымдастыру аясында бірқатар қиындықтар туындайды:

 – техникалық мәселелер (бұл жерде біз Интернетке шығу үшін қажетті құрылғылардың жоқтығы, байланыс құралдарымен ақаулықтар, қандай да бір сервистерді пайдалану дағдыларының жоқтығы, сондай-ақ білім алушылар мен педагогтер арасындағы цифрлық сауаттылықтың төмен деңгейі туралы айтып отырмыз);

 – білім алушылардың тәрбиелік іс-шараларға қатысуға төмен уәждемесі (егер балалар сабақты қашықтықтан оқуды өткізіп алса немесе тапсырманы орындамағаны үшін журналға тиісті балл алатын болса, мұғалімдердің ескертулері мен ата-аналарына қоңырау шалса, онда әрқашан ерікті болған тәрбиелік іс-шаралар тек мазмұны мен эмоционалдылығымен, мұғалімнің беделімен ғана тартылуы мүмкін);

 – қашықтықтан оқыту кезіндегі тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің шектелуі (интернетті пайдалану арқылы классикалық әдістерді әрдайым қолдану мүмкін емес, ал оларды сандық білім беру ортасын қолдана отырып түрлендіру кез келген адамның қолынан келмейді);

 – сандық этика әдептерінің болмауы (желідегі сауатты, лайықты мінез-құлықты педагогтар да,  студенттер де үйренуі тиіс).

 Соған қарамастан, бұл қиындықтарды жеңуге болады. Сонымен қатар, тәрбие жұмысының қашықтық түрлерін бағаламауға болмайды

Сонымен қатар, оқыту толығымен қашықтық пішінде болған жағдайда (мысалы, коронавирустық пандемия кезіндегі сияқты), қашықтық түрдегі тәрбие жұмысы сынып ұжымының өзара әрекеттесуін сақтап, балалардың жеке басының толық дамуы үшін қажет бейресми қарым-қатынасы үшін жағдай жасай алады.

Әлемде және біздің елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және карантиннің енгізілуіне байланысты бұрын жоспарланған және басталған көптеген жобаларды қашықтықтан оқыту жағдайларына бейімдеуге тура келді. Карантин кезіне концерттер, спектакльдер мен жеке кездесулер сияқты көпшілік іс-шаралардан толығымен бас тартуға тура келді.

         Сонымен, тәрбие бөлімі карантин кезінде студенттердің бос уақытын қалай өткізеді? Колледжде жалпы білім алушылардың 60% қамтитын мамандықтар бойынша үйірмелер ұйымдастырылған. Сабақтар аптасына бір рет өткізіліп, оларда білім алушылар WorldSkills чемпионатына қатысу үшін шеберліктерін ұштайды. Қазіргі уақытта «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері Көкшетау қаласында аталған байқауға қатысуда.

2018 жылдан бастап «Мейірімді жүректер» волонтерлар жасағы құрылып, түрлі үйірмелер жұмыс істейді: «Көркем шеберлік», «Вокал», «Рухани жаңғыру», «Құқықтық сауаттық», «Саналы ұрпақ» ерікті жастар клубы. Үйірмелердің өтемақысы факультативтік сабақтар есебінен жүргізіледі. Үйірменің бір сабағына Сан Пин нормаларлына сәйкес 15 студентке дейін шақырылады.

Сонымен қатар, колледжде волейбол, баскетбол, футзал, үстел теннисі, үстел және ұлттық ойындар сияқты спорт үйірмелері мен тренажер залы жұмыс істейді. Оқу жылына арналған жоспар бойынша топтар арасында спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Колледждің білім алушылары түрлі аудандық және облыстық жарыстарға қашықтықтан қатысады.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының жұмысы бойынша. Колледжде алғашқы-әскери дайындық пәнінің оқытушысы Т.С.Молдыбаев басшылық ететін «Арлан» әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді. «Арлан» әскери-патриоттық клубы жоспарға сәйкес жұмыс атқарады. Соңғы екі жыл ішінде облыстық жарыстар өткізілген жоқ.

Біз студенттердің жан-жақты дамуы үшін тиісті жағдайлар жасаумен, олардың рухани, адамгершілік, зияткерлік әлеуетін, әлеуметтік мәртебесін арттырумен, студенттердің бойында отансүйгіштік, демократиялық мәдениет пен азаматтық сана-сезімді қалыптастырумен, студенттердің энергиясын сындарлы арнаға бағыттаумен айналысамыз.

Жастармен жұмыстағы негізгі міндет бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру болып табылады, ол әр түрлі бос уақытты пайдалану арқылы жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, шығармашылық белсенділігін дамыту мүмкіндігімен сипатталады. Инертті жастар толқыны оралуда.

Жұмыс оқу-тәрбие жоспары пен жастар ісі бойынша комитет жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Жастармен жұмыс кезінде жастардың бос уақытын ұйымдастырудың түрлі тәсілдері мен әдістері қолданылады.

 «Конституция – біздің болашағымыз».  «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері «Бірге жемқорлыққа қарсы» бейне ролик түсірді.

         9 қазан күні 1-3 курстын білім алушыларының қатысуымен «Студент назарындағы күз» онлайн фотокөрмесі өткізілді.

15 қазан күні 13 студент қыз қатысқан «Мисс Күз-2020» онлайн-байқау өткізілді.

Жеңімпаздар болып келесі білім алушылар атанды: «Мисс Күз-2020» Гран-приін П-4 тобының білім алушысы Лазько Юлиана иеленсе, ПП-24 тобының білім алушысы Аникеева Валерия 1-ші вице-мисс, ЭВМ-25 тобының білім алушысы Гужева Виктория 2-ші вице-мисс атанды.

27 қазан күні қаланың 175 жылдығына арналған «Атбасарлықтардың өлеңдеріндегі туған қала» атты өлең оқушылардың онлайн-байқауы өткізіліп, оған колледждің бірінші курсының білім алушылары қатысты.  Конкурстың Гран-приін ПП-24 тобының білім алушылары Шутова Дарья мен Юнг Жанна иемденсе, 1 орынды ЭВМ-5 тобының білім алушысы Орынгазина Молдир, 2-ші орынды ТҰК тобының білім алушысы Кузнецова Валерия, ал 3-ші орынды ІЖМ-11 тобының білім алушысы Шлёндин Николай иеленді.  

 

27 қараша күні бірінші және екінші курстын білім алушылары арасында «Алло, біз таланттарды іздейміз!» онлайн байқауы өткізілді. Т-26 тобының білім алушысы Сергей Ковалёв «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша жеңімпаз, ЭВМ- тобының білім алушысы Милана Паньшина «Оригиналды  жанр» номинациясы бойынша, Э-32 тобының білім алушысы Кирилл Емельянов «Көркем сөз» номинациясы бойынша, Лидия Данилина мен Юлиана Лазько «Хореография» номинация бойынша жеңімпаздар атанды.  

04 ақпан күні жатақханада тұратын білім алушылар үшін «Сенің мүмкіндігін» көшпелі шарасы өткізілді.

 

Студенттерде әлеуметтік тәжірибе мен адамгершілікті, моральдық-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың ең тиімді және орынды құралдарының бірі - 41 студентті қамтитын оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық тәрбиелік тәсіл ретінде еріктілік болып табылады. Еріктілер әлеуметтік бағытта жұмыс атқарады (бекітілген жалғызбасты зейнеткерлер бойынша).

Еріктілік – өзіңді көрсетудің және өз әлеуетіңді іске асырудың, әлеуметтік-пайдалы істерге, нақты жобаларға қатысудың, білім мен кәсіби тәжірибе алудың ең жақсы тәсілдерінің бірі.

 

Білім беру ұйымдарындағы еріктілер жасағының негізгі бағыттары:

  • азаматтардың түрлі санаттарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • жастар ортасы мен қоғамда мәдениет пен төзімділікті қалыптастыру;
  • қоршаған табиғи және жасанды ортаны қорғау.

Жалғызбасты зейнеткерлерге тұрақты негізде көмек көрсетіледі: қар тазалау, тұрғын үй-жайларды жинау, қыста қор жинау, тұрғын үй құрылыстарын сырлау, ақтау. «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының еріктілері қарттардың өтініштері бойынша үйлеріне барып шаштарын алып, бояп береді.

 

Біздің еріктілердің көмегі назарсыз қалмайды. 2020 жылдың шілде айында еріктілер жасағының белсеңділері Ю.Милевский, С.Алиева, Г.Ведищева мен В.Гирчук Жастар ресурстық орталығының атынан грамоталар және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар еріктілер қозғалысының белсенділері Ю.Милевский мен В.Гирчук Атбасар қаласының БАҚ-да аталып өтті.

 

Колледждің жатақханасында қазіргі уақытта 48 білім алушы тұрып жатыр. Олардың бос уақытымен тәрбиеші К.К.Байкенова айналысады. Балалар үшін тренажер залы, фильмдер көріп, пайдалы ақпарат алатын демалыс бөлмелері ашық. Жатақханада тұратын балалар үшін шараларды жүргізушілер дайындалатын «Шешендік өнер» үйірмесі (кітапханашы Е.В.Кимлач) мен «Экологиялық үйірме» (басшысы З.Р.Борамбаева) жұмыс істейді.

 

Колледждің барлық ақпараты күн сайын сайт пен әлеуметтік желілерге орналастырылады. Колледждің инстаграмм мен фейсбукта өз парақшалары бар.

Кез келген оқу және тәрбие үдерісінің негізінде қызығушылық жатыр.  Егер білім алушы процеске, іс-шараға, оқуға шынымен қызығушылық танытса, онда үлкен ықтималдылықпен ол жетістікке жетеді және білім беру мен тәрбие қызметінде оң нәтижелерге қол жеткізеді деп айтуға болады. Демек, тәрбие жалпы қабылданған іс-шараларда тоқтамайды, өзін жұмыстың қатып қалған түрлерімен шектемейді, оларды мүмкіндігінше әртараптандыруға, керемет және қызықты етуге тырысады.

 

Сонымен, келесі қорытындылар жасауға болады:

 – қашықтықтан оқыту режимі білім алушылармен тәрбие жұмысын табысты жүргізуге мүмкіндік береді;

–тәрбие жұмысын жүргізудің ескі, жалпы қабылданған түрлерін қашықтықтан жұмыс істеу жағдайына бейімдеуге болады;

 – оқытудың қашықтық түрі тәрбие жұмысын жүргізу үшін жаңа мүмкіншіліктер ашады;

– қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын табысты жүргізу үшін жаңа технологияларды, коммуникация құралдарын, бағдарламалар мен платформаларды меңгеру, оларды тәжірибелік қызметте белсенді қолдану қажет;

Ең бастысы – рухты жоғалтпай, жұмыстың  жаңа түрлері мен әдістерін іздеу, қашықтықтан оқытуды кедергі мен қиындық ретінде емес, жаңа мүмкіндіктер, шығармашылық пен өзін-өзі дамыту үшін алаң ретінде қарау.   Колледждің тәрбие бөлімі осымен айналысады. Наурыз айында үйірмелерге қатысатын білім алушылар республикалық байқауға қатысып, үш екінші орынды, үш бірінші орынды және бір Гран-приді иеленді.


 

 

Жастар ісі бойынша инспектор.  Г. Жусупова

 

Жаңартылған күні: 09.04.2021 10:31
Құрылған күні: 09.04.2021 10:35

Текст