Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК
Министерство образования и науки республики Казахстан Управление образования Акмолинской области ГККП «Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район»


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өндірістік процестерді автоматтандыру және басқару" тақырыбында ашық семинар

2023 жылғы 16 ақпан күні «Электрмашиналары» зертханасының меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы Сергей Владимирович Ярош «Өндірістік процестерді автоматтандыру және басқару» тақырыбындағы ашық семинар өткізді. Кездесуге өндіріс өкілдері – ШЧ-17 Атбасар дабылдама және байланыс дистанциясының, КИП, СЦБ-ның ұжымдары шақырылды. ШЧ-17 бастығы С.М.Кадырбеков, РТУ бастығы А.Г.Бубинеева, ө/о шебері С.Н.Выскребенцев, аға электромеханик Е.Н.Чертакова, электрмеханик А.Ж.Бектыбаев, электрмеханик П.В.Пролубников, электрмонтер Д.Р.Сеитов, электрмонтер М.Г.Степанников. Колледж атынан әкімшілік шақырылды – басшы В.В.Лукин, басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Р.Н.Каппасова, басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Т.П.Толкумбекова, аға шебер А.В.Гавриленко, ө/о шеберлері С.К.Садвакасов пен А.Ю.Бурмистров. Семинар барысында электржабдықтарының қол және қашықтықтан басқару режиміндегі жұмыстары көрсетілді. 1) Электрқозғалтқышты бесбұрыш-үшбұрыш үлгісі бойынша тікелей іске қосу, 220/380В. 2) Электрмашиналарын сервоқозғалтқыш көмегімен автоматтық басқару (I,U электрпараметрлерін өлшеу, айналма сәт, айналдыру жылдамдығы механикалық параметрлерін өлшеу; 3) Үш фазалық (қосу, тоқтату, реверс) асинхронды қозғалтқышты басқарудың негізгі элементтерінің схемасын іске қосу. 4) Желілік анализатор көмегімен қозғалтқышты тікелей қосу. 5) Температураны имитациялайтын термисторлық релені қосу. Жабдықтардың сызбаларын құрастыру жұмыстарын екінші және үшінші курс студенттері С.К.Баймуканова, Р.Р.Исхаков, Э.А.Рем, Н.А.Рем И.В.Запонов, И.А.Левашов, С.Ф.Емельянов, А.А.Гриб, Н.К.Ермекбаев, Д.А.Федотов жүргізді. Іс-шара аяқталған соң өндірістік ұжым семинарға белсенді қатысқандары және колледжбен ынтымақ үшін алғыс хатпен марапатталды. Мақаланы дайындаған: арнайы пәндер оқытушы С.В.Ярош.

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 16.02.2023 19:33
Құрылған күні: 16.02.2023 19:34

Текст